Жаңалықтар

Энтони Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты

Энтони Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты
Фото: twitter.com/SecBlinken 01.03.2023 10:21 840
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге Қазақстан ұнағаны соншлық, ол тіпті Twitter-де лебізін қазақша білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блинкен Қазақстанға сапары ұнағанын жазды.

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осы елде өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз үшін және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ алғыс айтамын", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Мемлекет басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық байланыс орнаған уақыттан бері екіжақты және көпжақты форматта өзара тиімді іс-әрекеттер жолға қойылғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға