Энн Хэтэуэй әлемдегі ең сұлу әйелге қалай айналды: сын, табыс және камбэк

 Коллаж ЖИ (ChatGPT) көмегімен жасалды
Фото: Коллаж ЖИ (ChatGPT) көмегімен жасалды

Голливуд актрисасы Энн Хэтэуэй әлемдегі ең сұлу әйел деп танылды. Бұл туралы People журналы мәлімдеді.

43 жастағы актриса басылымның мұқабасына шығып, тағы бір мәрте өзінің кино әлеміндегі беделін дәлелдеді.

Мұқабадағы суретте Хэтэуэй қара түсті, гүл өрнегімен безендірілген көйлекпен түскен. Осылайша, актрисаның стилі мен сымбаты көпшілік назарын тағы да өзіне аудартты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Anne Hathaway (@annehathaway)

Сымбаттың сыры: жаттығу мен тәртіп

Актриса өзінің бабын жоғалтпауына не себеп екенін түсіндірді. Оның айтуынша, ол жеке жаттықтырушы Моника Иствудпен жұмыс істейді.

Маған Моника Иствудпен жаттығу жасаған қатты ұнайды. Ол – нағыз кәсіби маман. Бұрын балерина болған, сондықтан балет, жоғары қарқынды жаттығулар, пилатес пен йоганы біріктіреді. Біз төрт жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз, ол мені кәдімгідей өзгертті, – дейді Энн Хэтэуэй.

Голливудқа жол: «ханшайымнан» үлкен киноға дейін

Энн Хэтэуэйдің кино әлеміндегі жолы 2001 жылы шыққан «Ханшайым күнделігі» фильмімен басталды. Осы рөлден кейін ол Голливудтағы ең сұранысқа ие актрисалардың біріне айналды.

«Ханшайым күнделігі» | IMDb

Бүгінде оның мансабы қарқынды дамып келеді. 2026 жылы актрисаның қатысуымен бірден бірнеше ірі жоба көрерменге жол тартады. Олардың қатарында:

  • «Ібіліс Prada киеді 2»
  • Колин Гувердің кітабы бойынша түсірілген «Ақиқат» триллері
  • «Мария ана» драмасы
  • «Оук-стрит шетінде» фильмі
  • Кристофер Нолан түсірген «Одиссея»

Бұл – ерекше әсер. Кейде өткенге қазіргі тәжірибемен оралғың келеді. Бұл фильмде мен сол әлемге қайта кірдім, бірақ көзқарас мүлде бөлек, – дейді актрисаның өзі.

Кездейсоқ басталған үлкен жол

Қызығы, Хэтэуэйдің алғашқы рөлі кездейсоқ жағдайдың арқасында бұйырған. Кастинг кезінде қатты қобалжыған актриса орындықтан тайып кетеді. Бірақ дәл осы сәт режиссерге ұнап, ол «Ханшайым күнделігі» фильміне таңдалады.

«Ібіліс Prada киеді»: табыс пен сынақ

Бұл фильм Энн Хэтэуэйді төрткүл дүниеге танытты. Бірақ актриса бұл рөлге алғашында негізгі үміткерлер қатарында да болмаған.

Мен бұл рөлге тоғызыншы кандидат болдым. Бірақ соңында ол маған бұйырды. Сондықтан ешқашан берілмеңіз, – дейді ол.

Осы рөл үшін актриса салмақ қосып, кейін қайта арықтауға мәжбүр болған. Бұл процесс оңай болмағанын өзі де жасырмайды.

Хэтэхэйтерс құбылысы

2012-2013 жылдары актриса интернетте жаппай сынға ұшырады. «Hathahaters» деп аталған бұл құбылыс оның «тым мінсіз» бейнесіне қарсы реакция еді. Көпшілік өнер иесін өзін «мінсіз адам деп көрсетуге тырысады, шын мәнінде оның бәрі жасандылыққа әкеледі» деп сынаған.

Сынның күшейгені соншалық, кей режиссерлер оған рөл беруден бас тартқан. Дегенмен режиссер Кристофер Нолан актрисаға қолдау білдіріп, «Интерстеллар» фильміне шақырады. Бұл оның мансабын қайта жандандыруға көмектесті.

Хэтэуэй ең стильді актрисалар тізіміне қалай енді

Бүгінде Энн Хэтэуэй сән әлемінде де ықпалды тұлға. Ол көпшілік алдына шыққан сайын брендтердің медиа құнын арттыра түседі.

Алайда бұл деңгейге жету оңай болмаған. Бір кездері актриса «ең нашар киінетін жұлдыздар» тізіміне де енген еді.

2024 жылғы 28 наурыз, Нью-Йорк | Getty Images

Уақыт өте келе ол өзінің стилін қалыптастырып, сән иконасына айналды.

Валентиноның музасы

Энн Хэтэуэй атақты дизайнер Валентино Гараванидің музасы болған. Дизайнер актрисаның үйлену тойына арнайы көйлек тігу үшін зейнеттен қайта оралған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Anne Hathaway (@annehathaway)

2026 жылы Валентино өмірден өткенде, актриса оны соңғы сапарға шығарып салуға келгендердің қатарында болды.

Энн Хэтэуэй – тек сұлулықтың емес, табандылықтың, тынымсыз еңбектің және сынақтан сүрінбей өтудің нағыз үлгісі.

Оқи отырыңыз