Жаңалықтар

Энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға өсті? Министрдің жауабы

Энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға өсті? Министрдің жауабы
Фото: t.me/KZgovernment 16.01.2024 12:31 858

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Минстрдің айтуынша, Қазақстанда энергетика саласындағы 57 мыңнан астам жұмыс орны бар, оның 4500-ден астамы бос. Кадр тапшылығы әсіресе электр энергиясын беру және өндіру салаларында тіркелген.

Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп энергетика саласының кадрларын даярлау бойынша жол картасы дайындалды. Үш мыңға жуық грант бөлінді, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұдан бөлек министр энергетиктердің орташа жалақысын атады.

Былтыр электр энергиясын өндіру саласында жалақы 18%-ға өсті, орташа жалақы 425 мың теңгені құрайды. Электр энергиясын бөлу және беру саласында жалақы 11%-ға өсті, орташа жалақы шамамен 280 мың теңгені құрады, – деп атап өтті.

Сонымен қатар энергетика министрі Қазақстанның энергетика саласы қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға