Энергетика министрінің әкесі дүниеден өтті
Фото: t.me/yyedilov
Фото: t.me/yyedilov
18.09.2024 22:00
378
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі Майдан Сәтқалиев 81 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Майдан Сәтқалиев 1943 жылы Алматы облысы Қоғалы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын Алматы облысының салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Алматы Халық шаруашылығы институтының аға оқытушысы, декан орынбасары, партия ұйымының хатшысы, қаржы кафедрасының доценті, Қазақ Аграрлық университеті қаржы кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.
Майдан Сәтқалиев банк ісі туралы оқулықтың және Қазақстан қаржысына арналған бірқатар мақалалардың авторы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға