Жаңалықтар

Энергетика министрі Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесті

Энергетика министрі Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесті
Фото: gov.kz 17.01.2023 16:01 1192

 Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Әбу-Дабидің орнықты даму апталығы» саммиті (БАӘ) шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) орнықты инфрақұрылым тобының басшысы Нандита Паршадпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы мәселелердің кең ауқымын, Қазақстанда ЕҚДБ энергетикалық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Әріптестер Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөніндегі рөлін, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы ЖЭК объектілерін салуды таңдау жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ЖЭК саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға