Жаңалықтар

Енді жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі заң жүзінде бекітіледі

Енді жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі заң жүзінде бекітіледі
Фото: © Pixabay.com 11.03.2024 17:38 2640

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі әзірлеген Отбасы кодексінің жаңа жобасы жарияланды. Оған сәйкес, некеге тұруға рұқсат етілмейтін азаматтардың санаттары айқындалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді жеті атаға дейін туыс саналатын жастар шаңырақ көтере алмайды. Айта кету керек, мұндай тәртіп қазақ дәстүрінде де бар. Бірақ, Қазақстанда мұндай заңды талап жоқ. 

Қырғызстанда, сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бір-біріне үйлене алмайды: 

Өзге адаммен некеге тұрғандар;
Жеті атаға дейін туыстас жандар; 
Асырап алушы мен асырандылар;
Жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
Бір жынысты адамдар. 

Бұл санаттарға жатпайтын жастар өзара келісімі болған жағдайда және 18 жастан асқан болса, еш кедергісіз некеге тұра алады. Үйленер алдында олар бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Бұл үшін олар арнайы медициналық тексеруден өтеді. Оның қорытындысы медициналық құпия болып саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға