Жаңалықтар

Енді зейнеткерлер жеке табыс салығын төлемесе болады - вице-министр

Енді зейнеткерлер жеке табыс салығын төлемесе болады - вице-министр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.06.2024 18:29 351

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста енді зейнеткерлер жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейтінін айтып, жаңа салық кодексінің нормасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистер Азамат Әмриннен қазақстандықтар артық зейнетақы жинақтарын алып тастағаннан кейін өздеріне есептелген жеке табыс салығын төлейтін-төлемейтінін айтып беруін сұрады.

Зейнеткерлер жеке табыс салығынан босатылатын болады. Қазіргілер (зейнеткерлер -ред) есепке алынбайды. Болашақта егер сіздер зейнетке шыққан кезде барлық зейнетақыны жеке табыс салығынсыз алатын боласыздар. Ол кезде мұндай салықтың өзі болмайды, - деді вице-министр.

Азамат Әмрин түсіндірген норма жаңа салық кодексінің жобасында қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға