Жаңалықтар

Енді смартфонды тоққа тығылған күйі қалдыруға заңмен тыйым салынады

Енді смартфонды тоққа тығылған күйі қалдыруға заңмен тыйым салынады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.02.2024 13:15 1157

Қазақстанда ұялы телефонды тоққа  тығылған күйі қалдыруға заңмен шектеу енгізілмек, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оған себеп, электр желісіне қосылып қалған жабдықтардан туындаған өрттің жиілеуі.

ТЖМ гаджеттер мен өзге де электр жабдықтарын электр желісіне қосылған күйі ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға заңмен тыйым салуды көздейді.

Ол өзгерісті министрлік «Өрт қауіпсіздігі қағидаларына» енгізетін болады. Құзырлы ведомство аталған ереженің тұрғын үйлер мен пәтерлерде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы 151-бабын тағы бір тармақпен толықтырады. Онда «тоқты тұрақты тұтынуды талап етпейтін электр жабдығын электр желісіне қосылған күйде бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді» делінген. 

Оған себеп соңғы уақыттары электр жабдықтарын тұтынушылардың электр желісіне қосылған күйін қалдыру себебінен өрттердің жиілеуі орын алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға