Жаңалықтар

Енді полицейлер оқушыларға сабақ береді

Енді полицейлер оқушыларға сабақ береді
Фото: © El.kz 05.02.2024 18:19 872

Полиция қызметшілері құқық тақырыбы бойынша мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты.

Оқу-ағарту министрлігімен полиция қызметшілердің мектептерде құқықтық сабақтар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Яғни жүйелі негізде мектеп оқушылары және колледж студенттеріне құқықтық тақырыпта сабақтар өтеді. Осы орайда, полиция департаменттерінің басшылығы білім беру ұйымдарына бекітіліп, сабақ кестелері әзірленді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға