Жаңалықтар

Енді лауазымды қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттеледі

Енді лауазымды қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Фото: ПІБ баспасөз қызметі 15.09.2023 18:39 611

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Осы немесе келесі айда Үкімет «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тіл білу міндетелді, - деді Ербол Тілешов ҚР Президенті Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулық негізі» атты дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған.

Әсіресе құжаттардың түпнұсқада мемлекеттік тілде дайындалуы маңызды. Мұнда қазақ тілі әлі күнге дейін аударма тілі болып қалуда, бұл шындық. Қазір 30 жылда үлкен мамандар легі қалыптасты, сондықтан талап қозғау керек деп ойлаймын, - деді Ербол Тілешов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға