Жаңалықтар

Енді дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет болмайды

Енді дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет болмайды
Фото: ©El.kz 27.03.2024 17:50 1222

Елімізде арнайы дәрігерлерге кіру үшін енді терапевтен жолдама алудың қажеті болмайды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін, диагностикалық емшараларға жазылуды, жалпы практика дәрігерлеріне бірнеше рет жүгіну қажеттілігін қайта қарайды, бұл медициналық ұйымдардағы пациенттер тарапынан шағымдардың ең көп үлесін тудырады.

Қазіргі уақытта созылмалы аурулары бар пациенттер үшін арнайы мамандарға қолжетімділік процесін едәуір жеңілдететін жаңа регламенттер дайындалуда, - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, процестерді оңтайландыру нәтижесінде қолданыстағы анықтамалардың 27 түрін қысқарту көзделген, рәсімдердің негізсіз түрлерін алып тастау мақсатында диагностика және емдеу хаттамалары қайта қаралуда.

Сонымен қатар, дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін толтыруға арналған есептік нысандар жеңілдетіледі, олардың бір бөлігі орта медициналық персонал деңгейіне ауыстырылады.

Пациенттерге ыңғайлы болу үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулардың тізбесі жалпы 42 зерттеуге қысқартылатын болады және олардың қолданылу мерзімін 3 айға дейін ұлғайту енгізілетін болады.

Бұрын хабарланғандай, келесі жағдайларда арнайы  мамандарға: 

- шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

- дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

-тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау;

- онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда;

- динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша;

- жастар денсаулық орталықтарына жүгіну регламенті жеңілдетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға