Жаңалықтар

Енді бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілер айыппұл арқалайды

Енді бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілер айыппұл арқалайды
Фото: © Unplash 12.03.2024 13:43 1256

Енді Сергек камералары бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап, жүргізушілерге айыппұл салады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оған себеп – жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болуы. Әзірге бұл тыйым Астана мен Алматы қаласында болмақ.

Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады, – деді Астана полиция департаменті. 

Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады, ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға