Жаңалықтар

Енді әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталады

Енді әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.02.2024 17:33 1269

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заңға қандай жаңа нормалар енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық – қоғамға ортақ мәселе.

2017 жылы отбасылық зорлық-зомбылыққа жаза декреминализацияланғаннан кейін осындай салдарға тап болдық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң үстемдігі және тәртіп қағидатын күшейту тапсырмасын орындау үшін бүгінгі заңнамалық түзетулер әзірленді. Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма қарастырылды,  – деді депутат. 

2017 жылдан бастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабына Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса немесе 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылса, 73-2 бабы ұрып-соққаны үшін 10 АЕК айыппұл не 10 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған. Бұл баптар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен алынып, Қылмыстық кодекстің 108-1 бабына: Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 109-1 бабы: Ұру жаңа баптары енгізіліп отыр.

SN-нің мәліметінше, бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап балған барлық азаматтың құқығын қорғауға бағытталатын болады.

Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға