Жаңалықтар

Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: El.kz 14.03.2023 14:42 672

29 наурыз күні Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге қатысуға Қазақстан өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс беруші өтінім берген. Олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, "KAZ Minerals" ЖШС, "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС, "АК Алтыналмас" АҚ және басқалары бар.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады, - делінген министрлік хабарламасында.

Іс-шараға қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіріп, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер туралы ақпаратпен танысу қажет. Кейін жұмыс іздеушілер қажетті қолжетімді бос жұмыс орындарын таңдап, оларға хабарласа алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға