Жаңалықтар

«Еңбек Жолы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

«Еңбек Жолы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары анықталды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 01.09.2023 21:31 623

Елордада «Еңбек Жолы» қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Биыл конкурсқа қатысуға 80 өтінім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Амангелдиновтер әулеті иеленді, еңбек әулетінің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 797 жыл.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Астана-РЭК» АҚ II санатты инженер Айнұр Байбатырова иеленді.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Астана қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Гүлзия Иманбаева жеңіске жетті.

Қалалық кезеңінің жеңімпаздары «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінде елорданың атынан шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға