Отағасы – Саламадин Жүгенбаев
1943 жылы Маңғыстау облысында Сығынды ауыл советінде дүниеге келген. Атырау қаласындағы ауыл шаруашылық техникумында зоотехникалық мамандығын бітірген. Көп жылдар Ералиев атындағы совхозда зоотехник болып жасаған. Ауыл шаруашылығына қосқан үлесі үшін «В.И.Лениннің туғанына - 100жыл» медалі, Маңғыстау облысының 35 пен 50 жылдық медальдарымен, Қарақия ауданының құрылғанына 45 жыл толуына орай төс белгілерімен және бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
Отанасы – Ағия Балықбаева
1944 жылы Маңғыстау облысына қарасты Ортаеспе аулында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығында қызмет жасап зейнетке шыққан. Көп балалы ана «Алтын алқа» иегері. Бүгінгі таңда, отбасында 8 бала, 5 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірген. 29 немере және 9 шөбересі бар.
Қызы – Күләш Саламадинқызы
1965 жылы туған. 35 жыл ағарту саласында қызмет етіп, Президент Қ.Тоқаевтан Құрмет грамотасын алған. Сол 35 жылдың 15 жылын мектеп директоры болып өткерді. Екі рет Жаңаөзен қалалық маслихат депутаты болды.
Қызы – Гүлжан Саламадинқызы
1968 жылы туған. Маңғыстаулық жасөспірім оқушылардан «Гүлдәурен халықтық би ансамблін» құрып, шетелдерге (Испания, Болгария, Түркия, БАӘ, Ресей,т.б.) шығып, ұлттық өнерді насихаттап, жүлдемен оралып, «мәдениет қайраткері» атанды.
Қызы – Гүлбану Саламадинқызы
1970 жылы туған. Тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Кандидаттық диссертациясын Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевқа арнады. Қазақтың тұңғыш техника маманы туралы жазған монографиясы М.Әуезов атындағы ғылым саласындағы сыйлыққа ие болды. Докторлық диссертациясында қазақ халқының тарихи жады «Мұрын жырау жырлаған Қырымның қырық батыры» эпосын зерттеді. Ауызша дамыған рухани мұраларды талдау арқылы, халқымыздың бай тарихи өткенін ғылыми таным тұрғысынан пайымдап берді. Батырлық жырларымыздың жазба дәстүр мұраларына телінетін заңдылықтарға, хронологиялар мен межелерге бағынбайтын өзгеше қасиетін дәлелдеуге еңбектерін арнап келеді.Жоғары мектепте ұзақ жылдар дәріс оқып, ҚР БҒМ Алғыс хатына ие болды, ғылыми зерттеу жобаларына жетекшілік етеді.
Ұлы – Қуандық Жүгенбаев
1973 жылы туған. «ӨзенМұнайГаз» мекемесіне қарасты УОС-2 мекемесінде бас инженер қызметін атқарады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты, «ҚазМұнайГаз» президенті Асқар Балжановтың Құрмет грамотасы, КазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Қ.Есқазиевтың алғыс хаты, ӨзенМұнайГаз президенті М.Ибагаровтың Құрмет грамотасы және Жаңаөзен қаласы әкімінің бірнеше алғыс хатының иегері.
Ұлы – Асылбек Жүгенбаев
1976 жылы туған. «ӨзенМұнайГаз» мекемесіне қарасты УОС – 3 мекемесінде инженер-мұнайшы қызметін атқарады. Асылбек лайықты білім алған, өз ісінің білікті маманы, отбасында 5 баланың үлгілі әкесі.
Қызы – Гаухар Жүгенбаева
1982 жылы туған. «Сбербанк» АҚ мекемесінде менеджер қызметін атқарады. Тұтынушылардың бағалауы бойынша «жыл менеджері» атанды.
Қызы – Шырын Жүгенбаева
1985 жылы туған. «КазТрансАймақ» ЖШС мекемесінде есепші қызметінде. Жыл сайынғы жұмыс қорытындысы бойынша Шырын өз ісінің білікті маманы екенін дәлелдеп, бірнеше алғыс хат иегері.
Ұлы – Дамир Саламадинұлы
1988 жылы туған. KMG EP-Catering мекемесінде мұнайшы қызметін атқарады. ӨМГ Футбол командасының мүшесі.
Немерелерінің бірі Санжар - Назарбаев университетінің студенті болса, жиен немересі Айғаныс Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің үздік студенті, шетелдік тағылымдамаларды жеңіп алып, оңтүстік Корея, Польша университеттерінде оқып келді.Екеуі де мектепті алтын медальға үздік бітірді. Үш тілді орыс, қазақ, ағылшын тілдерін бірдей меңгерді. Ал Ақжол мен Елдос әскери қызметтерін президенттік полкта абыроймен өтеп келді.
Отағасы – Нұрхан Нұрсебепов
1939 жылы Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылдар аралығында Ұштаған ауылындағы Ленин атындағы 10 жылдық мектепті тәмамдаған. 1959-1962 жылдары қазіргі Ресей Федерациясының Сверловск облысында әскери қызметте болып, КСРО Қорғаныс Министрлігінің Алғыс хатымен марапаталған. Екі рет социалистік жарыстың жеңімпазы болған, Ильич атындағы совхозда шопан болып, мал шаруашылығымен айналысқан.
Отанасы – Айтбике Нұрсебепова
1949 жылы дүниеге келген. Көп балалы ана, 1984 жылы «Батыр ана» атағын алған, 2004 жылы «Алтын алқа» иегері атанды, КСРО-ның Құрмет грамотасымен марапаталған.Қазіргі таңда 12 бала өсіріп тәрбиелеген, олардан 47 немере мен 3 шөбере көріп отыр.
Ұлы – Дәурен Нұрсебепов
«ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы, технологиялық транспорт басқармасының жүргізуші.
Ұлы – Сәкен Нұрсебепов
«Бозашы Транс Аймақ» мекемесінің автокран жүргізушісі.
Қызы – Марал Түгелова
«ҚазМұнайГаз» компаниясында бақылаушы қызметінде, ал жолдасы Түгелов Жексембай «Қаламқас» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс жасайды.
Қызы – Сара Нұрсебепова
Бүгінде үй шаруасында, көп балалы ана. Жолдасы Нұрлан Құрманов ГПТУ-145 мекемесінде электрик қызметінде.
Қызы – Жаңагүл Нұрсебепова
Жеке кәсіпкер. Жолдасы Айдос Назаров екеуі бес баланы тәрбиелеп келеді.
Қызы – Ақгүл Нұрсебепова
Көп балалы ана, үй шаруасында, жолдасы Көбесов Нұрлан «Қаражанбас» мекемесінің жүргізуші.
Ұлы – Керек Нұрсебепов
Бүгінде Керек жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.
Қызы – Ажар Нұрсебепова
Көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері. Жолдасы Бауыржан Жүгінісов бұрғылаушы көмекшісі болып қызмет етеді.
Ұлы – Бисенбек Нұрсебепов
Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, А.Өтепбергенов атындағы орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі, жұбайы Амандаулетова Ғалия осы мектептің жанынан ашылған интернат тәрбиешісі болып жұмыс жасайды.
Ұлы – Шынтас Нұрсебепов
Ұштаған ауылы, А.Өтепбергенов атындағы орта мектептің бағбаны, ал жұбайы Онңғарбаева Жадыра мектеп тазалықшысы болып жұмыс істейді. Көп балалы отбасы.
Ұлы – Жетпісбай Нұрсебепов
«SK PETROLEUM» ЖШС-да эскпедитор-жабдықтаушы, жұбайы Айман Құрақбаева Жетібай ауылдық ауруханасының медбикелік қызметінде.
Қызы – Назгүл Нұрханқызы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Жетібай ауылының №4 орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі.