Жаңалықтар

Ең жас депутат болған Мәди Ахметов лауазымды қызметке ие болмақ

Ең жас депутат болған Мәди Ахметов лауазымды қызметке ие болмақ
Фото: t.me/mazhilis_kz 06.09.2023 15:14 919

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасына басшылық қызметке келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жақында ғана атышулы экс-депутат Мәди Ахметовтің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алатыны мәлім болған еді. Енді оған лауазымды қызмет бұйыратыны туралы ақпарат таралып жатыр.

Айта кетейік, 2019 жылы Мәди Ахметов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ескерткіш орнату туралы бастама көтерді. Барша ел жастарының атынан сөйлеген Ахметовтің сөзі елдің талқысына түскен болатын.

Ал 2021 жылдың қаңтарында Мәди Ахметов жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болды, ол "Нұр Отан" партиясы  ұсынған (қазір – Amanat) тізім бойынша сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға