Жаңалықтар

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге көтерілсе, салық мөлшері төмендейді - саясаттанушы

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге көтерілсе, салық мөлшері төмендейді - саясаттанушы
Фото: facebook.com/talgat.kaliyev 01.09.2023 15:50 709

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Бұған қатысты саясаттанушы Талғат Қалиев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Егер ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілетін болса, онда ол жұмыс істеп жүрген бірталай адамға оң нәтижесін береді. Бірден салықтың мөлшері төмендейтін болады. Жалпы жалақының өсуіне де әсер етеді. Бұған дейін жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60000 теңгеге өскен кезде айтарлықтай өзгерістер болған еді. Ал енді 85 мың теңгеге жетсек, одан да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді саясаттанушы.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдаған жолдауында ең төменгі жалақының мөлшері артып отыратынын атап өткен еді.

Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға