Жаңалықтар

Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады

Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады
Фото: El.kz 13.03.2023 19:21 1212

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі бойынша, 2022 жылы ең жоғары кедейлік деңгейі Түркістан (8,5%) және Маңғыстау (8,1%) облыстарында тіркелді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5% (986 587 адам) құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы IV тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең азы – Астана қаласында (2,1%) және Ұлытау облысында (2,2%) (бағалау деректері) тіркелді.

Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі*

процентпен

Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады

 

* Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

 

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

 

Үй шаруашылықтарының көлеміне байланысты табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

процентпен

Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады

Кедейлік деңгейі  -тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы IV тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 623 теңгені құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға