Жаңалықтар

Эмомали Рахмон: Тәжікстан мен Қазақстан – стратегиялық әріптестер

Эмомали Рахмон: Тәжікстан мен Қазақстан – стратегиялық әріптестер
Фото: Ақорда 04.05.2023 12:24 1536

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қазақ елінің қонақжайлығы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тәжікстан Президенті екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен қарым-қатынас тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін айтты.

Қазақстан бүгінде басты сауда серіктестеріміздің арасында екінші орында. Былтырғы тауар айналымының өсімі 20 пайыздан асты. Біз басқа салаларда да қарқынды диалог жүргіземіз. Сізбен елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылауға дайынмын. Сізді және барша Қазақстан халқын Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймын. Сізге алдағы уақытта бауырлас Қазақстанның дамуына бағытталған реформаларды жүзеге асыруда табыс тілеймін, – деді Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Айта кетейік, 3 мамырда Астанада Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы өткен болатын. Соның аясында кәсіпкерлер 1 млрд 300 миллион АҚШ долларына тең келісімшарттарға қол қойды.

Мемлекеттер арасындағы экспорт пен импортты 2 миллиардқа дейін ұлғайту мүмкіндігі бар екені айтылған еді.

Бүгінгі кездесуде екі ел басшылары тұрақты байланыстар мен жоғары деңгейдегі ұзақмерзімді саяси диалогтың игі дәстүрлерін сақтап, одан әрі кеңейтуге ниетті екенін білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға