Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров Астанаға келді

 president.kg
Фото: president.kg

Елордаға Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері табан тіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтардың құрметіне әуежайда тулар ілініп, күзет қарауылы сап түзеді.

Садыр Жапаровты премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ал Эмомали Рахмонды Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.

Айта кетейік, бүгін Астанада жоғары дәрежелі келіссөздер өтіп, Германия канцлері Олаф Шольцтің қатысуымен «Орталық Азия + Германия» форматында екінші кездесу ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз