Жаңалықтар

Елорданың тағы бір мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елорданың тағы бір мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Фото: Астана әкімдігі 14.09.2024 00:43 413

Астана қаласының №36 орта мектебінде инклюзияны қолдаууға арналған жаңа кабинет салтанатты түрде ашылып, таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инклюзияны қолдау кабинетінің моделін Астана қаласының білім басқармасы сарапшыларының қолдауымен және әдістемелік сүйемелдеуімен «Samruk-Kazyna Trust» қоры әзірледі.

Жаңа форматтағы кабинеттер психологқа, дефектологқа, логопедке және керамика шеберханасына арналған ашық кеңістік стиліндегі арнайы орындармен, сондай-ақ емдік дене шынықтыруға арналған жеке бөлмесімен ерекшеленеді.

Ашық кабинеттер «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны барысында жиналған қаражатпен жарақтандырылды.

Жобаның арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100-ден астам бала мектеп қабырғасында жайлы оқу үшін жағдай жасалды.

Жаңа форматтағы осындай инклюзивті сыныптар №22 мектеп-гимназиясында, №36 орта мектепте, К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде және Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде бар. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150-ден астам бала мектептерде құрдастарымен бірге оқи алады.

Айта кетейік, мектептерді Астана қаласының Білім басқармасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып белгілеген болатын.

Осылайша, жоба 150-ден астам баланы білім беру және дамыту бағдарламаларымен қамтиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға