Жаңалықтар

Елорданың ҚХА футболдан турнир Кубогын жеңіп алды

Елорданың ҚХА футболдан турнир Кубогын жеңіп алды
25.02.2019 03:28 3019

Елорданың «Алатау» спорт кешенінде Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының құрама командасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Оралбек Омаров және Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова турнирді салтанатты түрде ашып берді.

6 команда екі топқа бөлініп өзара мықтыны анықтады. Жолдастық кесдесудің ақтық кезеңінде Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының құрама командасы турнирдің Кубогын жеңіп алды. Ал, Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы басшылығынан құрылған команда қарсыластарына 3:1 есебінде жол беріп, 2-орынға табан тіресе, 3-орынға ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының командасы қол жеткізді.

Сонымен қатар, үздік ойын көрсетіп, көзге түскен спортшылар  турнирде «Үздік қақпашы» атанған Миракбар Мирахмадов, «Үздік шабуылшы» Махмуджан Ахмаджанов, «Үздік қорғаушы» Фархат Байжан және «Үздік ойыншы» атанған Рашид Хамчиев бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға