Жаңалықтар

Елордалықтар белсенді түрде дауыс беруде

Мүгедектер үшін олардың жақын туысы бюллетен қағазын толтыруға көмектесуге мүмкіндік берілді
Елордалықтар белсенді түрде дауыс беруде
Фото: El.kz 20.11.2022 14:55 921

Елордада 15 учаскелік сайлау комиссия мүшелері Гауһар Айтпаева мен Мөлдір Абишева мүгедектер, ардагерлер мен зейнеткерлердің үйін аралап, дауыстарын жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Елорда тұрғыны 67 жастағы Қамбар Наурызбай денсаулығына байланысты кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру үшін алдын ала 15 сайлау учаскесіне өтінім хат жолдап, үйден дауыс берді. Дауыс беру кезінде барлық талаптар мен ережелер сақталды.

Елордалықтар белсенді түрде дауыс беруде

“15 сайлау учаскесіне 43 өтінім хат келіп түсті. Қазіргі таңда 20 үйді аралап, өтінім хат жолдаушылардың дауыстарын жинадық. Жұмысымыз кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілердің көңіл-күйі мен белсенділігі жоғары екенін байқадық”,- деді Гауһар Айтпаева.

Дауыс беру кезінде тұрғынның жеке құжаты тексерілді.

Мүгедектер үшін олардың жақын туысы бюллетен қағазын толтыруға көмектесуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, тұрғын дауыс берген соң естелік суреттеріне түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға