Жаңалықтар

Елордалық волонтерлер жалғызбасты жандар мен қарттарға көмектесті

Елордалық волонтерлер жалғызбасты жандар мен қарттарға көмектесті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 02.01.2024 20:38 634

Елордалық волонтерлер тұрғындарға үйдің маңындағы қарды күреуге көмектесуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр. Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады.
Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді, - деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға