Жаңалықтар

Елордалық ТЖД "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады

Елордалық ТЖД  "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады
Фото: Видеодан кадр 17.01.2024 18:19 471

Елордалық ТЖД  "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ telegram арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласы ТЖД-нің хабарлауынша, жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары "Крещение Господне" православтық мерекесін атап өтеді. Жыл сайын бұл іс-шара барған сайын жаппай сипатқа ие болуда.

Сол себепті Астана қаласының ТЖД келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • ✔️Қажет болған жағдайда Сізге уақтылы білікті көмек көрсете алатын арнайы жабдықталған және қорғалатын шұңқырларда ғана шомылыңыз. Тұран даңғылы 8/2 мекенжайы бойынша Есіл өзеніндегі қалалық жағажайда 4 шұңқыры бар учаскесі ұйымдастырылды.
  • ✔️Шұңқырдан шыққан кезде біреу сізді сүлгімен және халатпен қарсы алғаны жөн;
  • ✔️Ешқашан секірмеңіз және басыңызбен алға қарай шұңқырға сүңгімеңіз;
  • ✔️Шұңқырда 1 минуттан артық болмаңыз;
  • ✔️Мас күйінде мұзды суға түсуге болмайды.

Шомылуға қатыспауды ұсынамыз:

  • Балалар мен қарт адамдарға;
  • Суыққа шынықпаған адамдарға;
  • Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға