Жаңалықтар

Елордалық қонақтар ДСМ жетекші ұлттық орталықтарында болды

Елордалық қонақтар ДСМ жетекші ұлттық орталықтарында болды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 06.07.2023 18:23 939

Астанада елорданың 25 жылдығына орай медициналық туризм бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар ҚР ДСМ жетекші ұлттық орталықтарында болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен курортология және медициналық оңалту ҒЗИ басшылығы осы іс-шараға қатысып, шетелдік қонақтарды еліміздің санаторийлік-курорттық әлеуетімен, медициналық оңалтудың жаңа тәсілдерімен және қазақстандық медицинаның жетістіктерімен таныстырды.

Алғашқы келу объектілерінің бірі  ұлттық ғылыми онкология орталығы болды, онда онкология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, онкологиялық аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің дербестендірілген әдістерін әзірлеу мен енгізуді қоса алғанда,  пациенттер халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық көмек алады.

Елордалық қонақтардың келесі баратын орны ұлттық балаларды оңалту орталығы болды.

Орталықта жыл сайын 4200 бала оңалтудан өтеді. 15 жылдың  ішінде 61 647 бала сауықтырылды. Оның ішінде 32 975 бала (56%) әлеуметтендірілді. Оңалту қызметтерінің кешенін көрсету интегративті оңалту моделін қолдана отырып жүзеге асырылады, мұнда орталықтың қызметі көп бейінді оңалтудың үш аспектісін қолдануға негізделген: медициналық оңалту, педагогикалық түзету, әлеуметтік бейімделу. Содан кейін шетелдік қонақтар диагностикадан бастап ең заманауи емдеу әдістерін қолдана отырып пациенттерді оңалтуға дейінгі нейрохирургиялық қызметтердің толық спектрін көрсететін Орталық Азиядағы жетекші клиникалардың бірі-  Ұлттық нейрохирургия орталығына барды, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Сонымен қатар, делегация ұлттық ғылыми медициналық орталықтың, Ұлттық кардиохирургиялық орталықтың және елорданың басқа да клиникаларының жұмысымен танысып шықты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға