Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды
Фото: El.kz 21.02.2023 16:13 985

Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

21 ақпанда сағат 12-26-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайына шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды. 

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өртті сөндіру барысында құтқару маскалары мен автокөлік сатыларының көмегімен 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала және 125 адам эвакуацияланды.

Жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ауруханаға одан әрі тексеру үшін 6 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілуде. 

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға