Жаңалықтар

Елордалық оқушы мектепте «мина қойылды» деп жалған ақпарат берді

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Елордалық оқушы мектепте «мина қойылды» деп жалған ақпарат берді
Фото: polisia.kz 08.12.2022 14:29 729

Елордалық жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берді, , деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«5 желтоқсан күні әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп сейілді», - делінген полиция мәліметінде.

Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізіп. Нәтижесінде жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол сол мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.

«Жасөспірім сабақ болмағанын қалап, осылай әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полиция инспекторларының және баланың ата-анасының қатысуымен жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға