Жаңалықтар

Елордалық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды

Елордалық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 27.09.2023 20:51 453

Астана қаласының гір спорты құрама командасының ардагер спортшысы Зулгарин Жумагалей қазіргі таңда республикалық, халықаралық жарыстарда 65-69 жастағы спортшылар арасында, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, ардагер спортшының жеке бапкері – Астана қаласының гір спортынан аға жаттықтырушысы Серік Абдахин.

Айта кетерлігі, Жумагалей Зулгарин гір спортынан алты дүркін әлем чемпионы, Қазақстан, Азия чемпионаттарының жүлдегері мен жеңімпазы.

Еліміздің гір спортынан қосқан үлесі мен, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері жетерлік.
жетістіктері жетерлік. Ол жуырда 7-12 қыркүйегінде Өзбекстан мемлекетінің Хиуа қаласында өткен әлем чемпионатында үздік болып, чемпион атанды.

Ұзын цикл:

1-орын: 106 көтерілу.

Серпе көтеру:

1-орын: 107 рет.

Жұлқа көтеру:

1-орын: 107 рет, 220 көтерілу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға