Жаңалықтар

Елордалық оқушылар қашықтан оқиды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елорда мектептері 13-14 қазан күндері қашықтықтан оқитыны айтылған болатын
Елордалық оқушылар қашықтан оқиды
Фото: kazbilim.kz 07.10.2022 22:20 1245

Астана қаласының білім басқармасы 13-14 қазан күндері шаһардағы мектептер неге қашықтан оқуға көше тұратынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде елорда мектептері 13-14 қазан күндері қашықтықтан оқитыны айтылған болатын. Қалалық білім басқармасы мәліметті растап, себебін түсіндірді. 

"13-14 қазан күндері елордада мемлекет және Үкімет басшыларының қатысуымен халықаралық форумдар өтетін болғандықтан, қала жолдарының кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Мұндай тәжірибені көптеген елдер осы сияқты ірі шаралар өткізген кезде қолданады. Оқушылар мен олардың ата-аналарына қолайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінің бәрі меншік нысанына қарамастан, қашықтан оқыту форматына көше тұруы керек деген шешім қабылданды", - деп жазылған басқарманың ресми мәліметінде.

Әкімдік өкілдері оқушылар үшін сабақтың мұндай түрі таңсық емес екенін айтып отыр.

"Жалпы, қашықтан оқыту әдісі оқушыларға таңсық емес. Өйткені, қыста күн райы бұзылған кезде оқытудың осы форматы қолданылатын. Қала мектептері ондай сабақтар өткізуге қажетті компьютермен қамтамасыз етілгенін айта кету керек", - делінген басқарманың мәлімдемесінде.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға