Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді
Фото: ТЖМ 26.07.2022 14:37 1135

25 шілде күні сағат 22-05-те «101» пультіне Қобда көшесі, 6 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға орнына дереу Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері жіберілді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша  бір қатарда тұрған алты бір қабатты ғимарат, екі қабатты ангардың төбесі, сондай-ақ газ толтыру станцияларының үй-жайларында газдың алаулап жанып жатқаны анықталды.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, өрт сөндірудің жауынгерлік учаскелері ұйымдастырылды.

Жоғары температураның, қатты қызудың қысымымен өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тігіп, өртті сағат 00.05-те оқшаулап, сағат 01.23-те сөндірді.

Жедел жәрдем станциясының ақпараты бойынша әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік алған өрт орнынан зардап шеккен төрт адам № 1 МГБ-ға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға