Жаңалықтар

Елордадан түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1,5 мыңға жуық техника жұмылдырылды

Елордадан түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1,5 мыңға жуық техника жұмылдырылды
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 10.02.2024 05:37 736

9 ақпаннан 10-ына қараған түні Астанада қар тазалауға 1,5 мыңға жуық арнайы техника шығады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер елордадан 47 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл үш мыңнан астам ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап 305 мыңнан астам рейспен қар полигондарына 4,1 млн текше метр қар шығарылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні қар тазалауға 317 жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға