Жаңалықтар

Елордадан қыс мезгілінің басынан бері үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

Елордадан қыс мезгілінің басынан бері үш млн текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: gov.kz 07.02.2023 15:31 1014

Елордада қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы жұмыс жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер қаланың барлық төрт ауданында екі ауысымды режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 ақпанға қараған түні қаладан 9,4 мың текше метр қар немесе 721 рейс жиналып, шығарылды.

Елордадан қыс мезгілінің басынан бері үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

Бүгін таңертең қар күреу жұмысына 2,1 мың жол жұмысшы және мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 236 мыңнан астам рейс жасалды.

Елордадан қыс мезгілінің басынан бері үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

Қала бойынша құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүріп жатыр. Ол қала тұрғындарының емін-еркін жүруі үшін көшелерге, жолдарға, тротуарларға және адам көп жиналатын орындарға себіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға