Жаңалықтар

Елордадан күндізгі уақытта 37 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан күндізгі уақытта 37 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 31.01.2024 21:03 430

Елордадағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Мәселен, 31 қаңтар күні кешке қар тазалау жұмысына 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Кешке қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 211 жол жұмысшы мен 1052 арнайы техника жұмылдырылды.

Бір күнде қаладан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2992 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан барлығы 3,3 млн текше метр қар шығарылды, ол үшін полигондарға 246 мыңға жуық жүк көлігі рейстері жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға