Жаңалықтар

Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz 12.01.2023 15:01 732

Елорданың коммуналдық қызметтері аязды күндерге қарамастан қаланы тәулік бойы тазартуды жалғастыруда. Күн сайын екі мыңға жуық жол жұмысшысы шығады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

12 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 21 мың текше метрден астам қар немесе 1 568 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,8 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 142 167 ауыр жүк көлеміне тең.

Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін құм-тұз қоспасымен себіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада аптаның басынан бері қатты аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы керек, сондай-ақ далада ұзақ уақыт болмағаны жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға