Жаңалықтар

Елордадағы Тұран даңғылының учаскесінде қозғалыс уақытша жабылады

Елордадағы Тұран даңғылының учаскесінде қозғалыс уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 27.07.2023 10:11 750

Астананың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты осы жылдың 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады.

Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік Ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға