Жаңалықтар

Елордадағы Қордай көшесі уақытша жабылады

Елордадағы Қордай көшесі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігінің сайты 02.05.2023 14:31 700

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қордай көшесіндегі жол төсемін жөндеуді бастайды. Жұмыс Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісіліп жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы жылдың 2-8 мамыры аралығында орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде Қордай көшесі бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасымен CTS ЖШС-нің Instsgram-дағы ресми парақшасынан таныса аласыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға