Жаңалықтар

Елордадағы LRT құрылысы 2-3 жылда бітеді – Жеңіс Қасымбек

Елордадағы LRT құрылысы 2-3 жылда бітеді – Жеңіс Қасымбек
Фото: primeminister.kz 12.12.2022 14:08 3582

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасына қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы кеңейтілген Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда қала тұрғындарымен кездесу өткізетінін айтып, LRT жобасы 2-3 жылдың ішінде аяқталатынын жеткізді.

«Қалада өте маңызды мәселелер бар. Нақты біреуін айта алмаймын, бірақ көп. Мәселен, Астанада 47 мың адам кезекте тұр. Оның жартысы көпбалалы отбасылар. Сол азаматтардың мәселесін шешу керек. Қалада коммуналдық желілердің тозығы жеткен. Міне, осы мәселелерден бастаймыз, – деді елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға