Жаңалықтар

Елордада жыл соңына дейін 11 мектептің құрылысы аяқталады

Елордада халық саны өсуде
Елордада жыл соңына дейін 11 мектептің құрылысы аяқталады
08.07.2022 15:12 1958

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды El.kz 

«Нұр-Сұлтанда халық саны өскен сайын, балалардың да саны өсуде. Өткен жылы мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітірген болса, қыркүйек айында 24 мың бала бірінші сыныпқа келді. Биылғы жылдың мамыр айында 8500 талапкер мектеппен қоштасты. Ал, қыркүйекте 25 мың бала бірінші сыныпқа келеді деп жоспарлап отырмыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің айтуынша, жыл сайын мектеп құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, 2020 жылы 11 мектеп пайдалануға берілген. Ал, 2021 жылы 15 мектеп іске қосылған. 

«Биыл 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Біз жыл соңына дейін 11 мектептің құрылысын аяқтаймыз. Бұл жерде тек мемлекеттік бюджетке қарап отырмай, 3 механизмді іске қостық. Біріншісі бюджет арқылы, екіншісі жеке меншік серіктестік және жеке инвесторлардың көмегімен құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», – деді орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте қала әкімі Алтай Көлгінов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға