Жаңалықтар

Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр

Турнирге Сенат, Мәжіліс және Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қызметкерлері қатысып жатыр
Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
Фото: Baq.kz 01.07.2022 18:00 1010

Елордада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне арналған шағын футболдан турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-министрлің орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Ерұлан Жамаубаев та осында жүр. Турнирдің ашылу салтанатында Сенат депутаты Нариман Төреғалиев Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың атынан құттықтау жеткізіп, бұқаралық спорт туралы айтты.

Мемлекеттің алдындағы негізгі бағытының бірі-бұқаралық спортты дамыту. Мемлекет оған барлық жағдайды жасап жатыр. Бүгін жарысқа дайындалып келген спортшыларды танып тұрмыз. Мемлекеттің бұқаралық спортқа деген қолдауын осыдан да байқауға болады. Бүгін де осы спорт түрін дамытуға ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бұқаралық спортқа көңіл бөліп отырғаны, мемлекеттік тиісті органдарда нақты тапсырмалар іске асып жатқанына куә болып отырмыз, - деді депутат.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметі зор екенін атап өтті.

Қай жақта болмасын мемлекеттік қызметшілер халық пен биліктің ортасында жүреді. Сондықтан да осындай тығыз байланыс бізге өте қажет. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз,- деді Жазықбаев.

Үкімет пен Мәжіліс командалары бақ сынап жатыр. Мысалы, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қарама-қарсы командаларда ойнап жүр.

Турнир бұқаралық ақпараттын насихаттауға бағытталған. Заң шығару және атқарушы орган арасында өзара байланыс орнатуға негізделген. Жеңімпаздар кубактар мен арнайы медальдарға те болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға