Жаңалықтар

Елордада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар

Елордада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
07.06.2022 09:05 6788

Елордада осы аптада ойын-сауық және танымдық бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін спектакльдер, көрмелер, концерттер ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 8 маусым күні сағат 19:00-де Мемлекеттік академиялық филармонияның «Sounds of world» камералық хоры ХІХ концерттік маусымын жабады. Өтетін орны: «Астана Опера» театры К.Байсейітованың Камералық залы. Сол күні әртістер «Еркін елім» концертімен өнер көрсетеді. 10 маусым күні сағат 19:00-де филармония ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, композитор Сланқожа Қарақыстықтың «Біз Отанның сарбазымыз» атты музыкалық-әдеби шығармашылық кешіне шақырады.

7 маусымда сағат 11:00-де мұнда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері «Коза-Дереза» ертегісін ұсынады. 7 маусым күні сағат 13:00-де және 18:00-де қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

10 маусым күні сағат 19:30-да Есіл жағалауындағы Амфитеатрда «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

«Жастар» театры осы аптада үш қойылым қоюды жоспарлап отыр. 8 маусым күні сағат 19:00-де көрермендер С.Жүнісовтің «Тырау-тырау, тырналар» драмасын, ал 9 және 10 маусым күндері С.Астраханцевтің «Достық пен қулық» ертегісін, 11 маусымда Б.Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін тамашалауға болады.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері 9 және 11 маусымда А.Болдиновтың «Приключения Аистенка» ертегісін сахналайды. 11 шілдеде кешке горькийлықтар Н.Гогольдің «Неке» комедиясын ұсынады.

Елордалық қуыршақ театры 10 маусым күні сағат 16:00-де, 11 және 12 маусым күні сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де балаларды А.Салаеваның «Это я нарисовал» атты балетке шақырады.

Музыкалық жас көрермен театры 9 маусым күні сағат 19:00-де «Махаббат-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклін көрсетеді. Ал 10 маусымда сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклін көруге болады. 11 және 12 маусымда сағат 19:00-де жастар «Зообақ» психологиялық қойылымының тұсаукесеріне шақырылады.

«Наз» мемлекеттік би театры 9 маусым күні сағат 19:00-де «Мың бір түннің бір түні» хореографиялық қойылымын көрсетеді.

8 маусым күні сағат 12:00-де №4 көпшілік кітапханасы «Мен өмірдің гүлімін» ойын бағдарламасын ұйымдастырады, сол күні №5 балалар кітапханасында «Жазды бекер өткізбе – кітапханаға кел!» анимациялық фильмін көрсетеді. 9 маусым күні №2 балалар кітапханасында «Менің сүйікті кітаптарым» оқырман бенефисі өтеді. Түстен кейін № 5 балалар кітапханасы «Бірге оқимыз» мәнерлеп оқу клубына шақырады. 7 және 11 маусым күндері №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, ағылшын тілі, тоғызқұмалақ бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

8 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Сенім» дәрісін, сол сияқты 12 маусымда «Тарихымыздың суық жылдары» дәрісін ұйымдастырады. 8 маусымға дейін Сәкен Сейфуллин музейінде еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» фотокөрмесі өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға