Жаңалықтар

Елордада жыл басталғалы 11 өрт болды

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті
Елордада жыл басталғалы 11 өрт болды
Фото: gov.kz 13.02.2023 19:33 675

Жыл басынан бері елордада өртті абайсыз пайдалану себебінен 11 өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы себептен өткен демалыс күні бір өрт болды. 

Мәселен, 12 ақпанда сағат 16:35-те елордалық өрт сөндірушілер Балқаш көшесі, 11 мекенжайына өртке шықты. 

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері жеке құрамының 16 адамы және 3 бірлік техникасымен келгеннен кейін төрт бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде үй заттары мен жиһаздардың өртенгені анықталды. Өрт кезінде улы газдан уланған 1957 жылы туған әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт сағат 17:46-да жойылды. 

Құрметті азаматтар, Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады: 

- электр және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларға балаларды жібермеңіз; 

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз;

- жарықтары бар пешті пайдаланбаңыз;

- жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы бойы әр үш ай сайын түтін мұржаларын күйеден тазартуды ұмытпаңыз;

-отынды тез тұтанатын сұйықтықпен жағуға болмайды және ыстық заттар мен материалдарды пеш алдындағы төсемеге қоймаңыз; 

- төсекте темекі шекпеңіз;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға