Астанадағы Журналистер аллеясында вандализм дерегі тіркелді. Тәртіп сақшылары екі жас жігітті анықтап, ұстады, деп хабарлайды Еl.kz Астана қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.
Полиция елорданың екі тұрғынын - 18 жастағы Денис Суранов пен кәмелетке толмаған Шыңғыс Айтжановты анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Осындай бірде-бір дерек құқықтық бағалаусыз қалмайды, ал кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.