Жаңалықтар

Елордада ЖРВИ және тұмау жұқтырғандар көбейген

Эпидемиялық маусым басталғалы 42 мыңнан астам елордалық ЖВРИ-ға шалдыққан
Елордада ЖРВИ және тұмау жұқтырғандар көбейген
Фото: sko-zozh.kz 07.12.2022 23:06 1271

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елордада 42 мыңнан астам ЖРВИ мен тұмаудың 172 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Эпидемиялық маусымның басынан бері сырқаттанушылық өткен маусымның ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен аспайды. Мәселен, ЖРВИ ауруларының 42 022 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3389,6, өткен маусымның ұқсас кезеңінде 45 389 жағдай тіркелген, бұл 1,2 есе төмен. Алайда ағымдағы эпидемиологиялық маусым оның басынан бастап тұмау жағдайларының тіркелуімен ерекшеленеді. Мәселен, ЖРВИ құрылымында тұмау жағдайларының үлесі 0,4% - 172, оның ішінде А(H1N1) және А (Н3N2) және В типті 170 құрайды, - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

Науқастардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалар 54% құрайды. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 6 %, жүкті әйелдер – 5 %-ға тең.

ЖРВИ диагнозымен стационарлық емдеуді 5% немесе 2 180 науқас алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға