Жаңалықтар

Елордада жаңа жылдық жәрмеңке өтеді

Сондай-ақ жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады
Елордада жаңа жылдық жәрмеңке өтеді
01.12.2022 18:29 1469

17-19 желтоқсан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа Жыл Fest» жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік жәрмеңке-көрмеде қонақтар жаңа жылға арналған ерекше сыйлықтарды, кәдесыйларды, ойындарды, қолдан жасалған бұйымдарды, декор заттарын және басқаларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сондай-ақ жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады.

Қонақтар үшін қызықты мастер-класстар, аниматорлармен ойындар және жаңа жылдық мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара 17-19 желтоқсан аралығында сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ЭКСПО орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайы бойынша үш күн бойы өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға