Жаңалықтар

Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды

Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды
Фото: gov.kz 14.02.2023 18:26 558

Астанада жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде скретч жарысынан да Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынады.

Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың 17-і Астана қаласының велошабандоздары. 16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Еске сала кетейік, 10-12 ақпан күндері елордада элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Бұл сында 40-тан астам велошабандоздар қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға