Жаңалықтар

Елордада «Ulytau» этно-рок тобының мерейтойлық концерті өтті

Елордада «Ulytau» этно-рок тобының мерейтойлық концерті өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 25.10.2023 22:07 992

«Барыс-Арена» сарайының сахнасында аты аңызға айналған «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына орай үлкен шоу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Топтың 25 жылдығына орай ұжымның негізін қалаушы әрі продюсері Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы Астанада эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өткізді. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay бар.

Көрермендер этно-рок тобының сүйікті әртістерімен дуэтін тамашалады.

«Ұлытау» – бұл батыс пен шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзге баламалары жоқ. Қазіргі заманғы аранжировкалар, ерекше стиль, классикалық композициялар мен халық әуендеріне мүлдем жаңа, заманауи және стандартты емес үн береді.

Топ музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға