Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады

 Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аталған жұмыс «Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 15 мен 26 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

 

Оқи отырыңыз