Жаңалықтар

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына жабылды

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына жабылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 16.10.2023 20:17 479

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.

Осыған байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады, - делінген ақпаратта.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға